• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Д.Назарбаева Жапония елшісімен екіжақты байланыстың экономикалық мәселелерін талқылады 01.02.2017

Мейманмен кездесуде сенатор Мемлекет басшысының өткен жылғы қарашадағы Жапонияға ресми сапарының нәтижелі әрі мазмұнды болғанын атап өтті.

И.Кавабата Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады және екіжақты қатынастарды дамытуда мерейлі жыл қосымша серпін беретінін атап өтті.

Елші екі елдің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты үдету мақсатында алдағы уақытта жапон парламентшілерінің сапары туралы хабардар етті.

Тараптар екіжақты байланыстардың экономикалық, гуманитарлық және мәдени мәселелерін де талқылады. Кездесу соңында Жапония Елшісі қазақстандықтарды Алматыдағы дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылуымен құттықтады.
 

 


Back to the list