• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен   АҚШ әскери кадрларды даярлау  бойынша  тәжірибе алмасуды талқылады 31.01.2017

Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомствалары арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланып, әскери кадрларды даярлау ауқымында өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу болашағы, әскери оқу орындарының курсанттар мен тыңдаушыларын өзара алмастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ басқа да бірқатар өзекті тақырыптар қозғалды.

Еліміздің қорғаныс ведомствасының басшысы Төтенше және өкілетті елшіні әскери-техникалық ынтымақтастық аясында Қарулы Күштерге америкалықтар тарапынан жеткізілген төртінші «Хьюи» тікұшағы үшін алғысын білдірді.  

Бүгінгі күні Қазақстан мен АҚШ әскери ынтымақтастығының контекстіне әскери-далалық медицинаны дамыту мен жеке құрамды даярлау шеңберіндегі өзара мүдделер кіреді. Екі елдің 2018-2022 жылдарға арналған жаңа бес жылдық жоспарының жобасында екіжақты әскери ынтымақтастықтың келешектегі мәселелері қамтылады.

 


Back to the list