27.01.2017
GE Transportation – жаңа буынды Эволюшн сериясындағы локомотивтер шығаратын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясының серіктесі болып табылады.
«Украина инфрақұрылым министрі В. Омелян мен «Укрзализныця» АҚ басқарма төрағасы В. Балчунменмен кездесулер кезінде қазақстандық теміржол көлігі машинасы өнімдерін (локомотивтер, вагондар, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар) Украинаға жеткізу, сондай-ақ екі ел арасындағы жүк айналымын өсіру, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) әлеуетін тиімді пайдалану жайы қарастырылды», - делінген хабарламада.
Кездесу соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Укрзализныця» АҚ арасында серіктестік орнату турасындағы тиісті құжаттарға қол қойылды. Ол арқылы таяу арадағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспары белгіленді.