25.01.2017
Сұхбат барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытудың өзекті мәселелері, сонымен қатар, биыл маусым айында Астанада өтетін Қазақстан-Нидерланды Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына дайындық мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Премьер-Министрі мен Нидерланды Премьер-Министрі энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және транзит, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Б. Сағынтаев жетекші нидерландылық компанияларды Қазақстанның индустриалды-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын іске асыру жұмыстарына қатысуға шақырды.
М. Рютте Нидерландының ұлттық павильоны қойылатын, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға Нидерланды дайындығын аяқтап қалғанын айтты. Нидерландының ұлттық күніне қатысу үшін ЭКСПО-ға осы елдің ресми делегациясы келеді деп жоспарлануда.