23.01.2017
Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының жетекшісі Қ. Әбдірахманов Қазақстан БҰҰ-н Сирия дағдарысына қатысты келіссөздерді ұйымдастыру үрдісінің басты қатысушы тарапы ретінде танитынын және Астанада өтетін кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздердің кезекті отырысын өткізуге оң әсерін тигізетінін білдірді. «Қазақстан және оның Президенті Н.Назарбаев ішкі сириялық дауды шешу үшін саяси шешім табу мен оқты тоқтату режимін нығайту бойынша халықаралық әсер етуге мүдделі», - делінген хабарламада.
Осы күні сириялық оппозиция делегациясының жетекшілігімен кездесу өтті, шарада Астанада өтетін келіссөзге дайындық мәселесі талқыланды.
Екі делегация жетекшілері басшылық пен Қазақстан халқына Сириядағы даудың бейбіт шешілуіне үлес қосып, кездесуге барынша жағдай жасағандары үшін алғыс білдірді.