• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
БҰҰ ҚК төрағасы: Астана процесін тағатсыздана күтудеміз 22.01.2017

«Біз Сириядағы ахуалы және соңғы оқиғалар төңірегінде, оның ішінде №2336 қарардың орындалуы мен алдағы Астанадағы кездесу жайында пікір алмастық. Біз Ресей мен Түркияның зорлық-зомбылықты тыю, соғыс отын тоқтату режімін құру және БҰҰ қамқорлығымен саяси процеске серпін беру күш-жігеріне қолдау білдіреміз. Біз барлық тарапты Сириядағы соғыс отын тоқтату режімін сақтауға шақырдық», - деді ол.

Біз ДАИШ-тың Сириядағы тағылық террорлық актілерді жалғастыруын, соның ішінде Пальмирадағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген Рим театры сынды мәдени мұраларды талқандауын түбегейлі айыптадық. Астанада ұйымдастыратын кездесуді асыға күтудеміз.

«Оны сириялық саяси процесстің маңызды бөлігі және 8 ақпанда Женевада БҰҰ қамқорлығымен қайта жаңғыртылатын сирияішілік келіссөздердің маңызды қадамы ретінде қарастырамыз», - деді ол.


Back to the list