23.01.2017
«Келіссөздерді өткізу орны ретінде Қазақстанның астанасы – Астана қаласы тараптардың аймағы бойынша бейтарап болғандықтан таңдалды. Айта кетерлігі, келіссөздер әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан «Rixos President Astana» қонақ үйінде жабық режимде өтеді», - деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің БАҚ-қа арналған анықтамалығында.
Баспасөз қызметі нақтылағандай, Кезекті астаналық процесс дүйсенбі, яғни қаңтардың 23-і сағат 9-ға Қонаев 4 көшесінде орналасқан «Қазмедиа орталығында» өтеді деп белгіленіп отыр.
«Келіссөзді өткізу кезеңінде қалалық және шетелдік журналистерге үнемі көліктік хабарлама ұйымдастырылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Астанадағы келіссөздерге дауласқан тарап өкілдері мен Ресей, Түркия, Иран делегациялары қатысады.