21.01.2017
Канада парламенті делегациясының Астанаға сапары Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аясында өтті. Сондай-ақ, биыл Канада мемлекетінің негізі қалануының 150 жылдығын атап өткелі отыр.
Кездесу барысында тараптар азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық бойынша мәселелерді қарастырып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Нұрлан Ермекбаев канадалық делегацияны Министрліктің қызметімен таныстырып, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап азаматтық қоғамды дамыту және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету қағидаларын жүйелі түрде берік ұстанып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Министр үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлумен айналысатын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қызметі туралы хабардар етті.
Канада делегациясының басшысы конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз етіп отырған еліміздің басшылығы саясатына жоғары бағасын берді.