• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Премьер-Министр  Канаданың парламенттік делегациясымен кездесу өткізді 20.01.2017

Кездесу барысында Қазақстан мен Канаданың әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі салаларындағы ынтымақтастық келешегі, соның ішінде ауылшаруашылығы, аграрлық өнеркәсіп, мәдени-гуманитарлық байланыс, азаматтық авиация, аэроғарыш және әскери-өнеркәсіптік салалардағы мәселелері талқыланды, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесуде басты назар 2016 жылы құрылған Қазақстан-Канада Іскелік кеңесі аясындағы екі елдің бизнес-құрылымдарының өзара іс-қимылына аударылды. Тараптардың пікірінше, кеңес қызметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр Канаданың Қазақстанның маңызды серіктесі екенін айтып өтті. Екі елдің де жаһандық экономикалық сын-тегеуріндерді еңсерудегі әрекеттері инфрақұрылымға инвестициялардың өсуі мен өңірлік және жаһандық экономикалық ықпалдастықты есепке алғанда сәйкес келетінін айтты.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев канадалық компаниялардың Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне белсенді қатысуы және жаңартылмалы энергия саласында тәжірибе алмасу екі елдің қарым-қатынасын дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Анықтама:

2016 ж. қаңтар-қарашада ҚР-ның Канадамен тауар айналымы  $327,3 млн-ды құрады. Қазақстан экспортының өсімі байқалды, соның нәтижесінде 2016 ж. 11 айында сауда теңгерімі ҚР үшін оңтайлы болып, $134 млн-ды құрады.

2016 ж. 1-жартыжылдығында Канададан ҚР-ға тікелей инвестициялар ағымы $70,0 млн-ды құрады. Канаданың СІМ-нің мәліметінше, 1994 ж. бастап ҚР-дағы инвестициялар көлемі шамамен  $16 млрд-ды құрады (2010-2014 жж. $10,98 млрд.). Канада инвесторлар арасында 11-ші орынға ие.

 


Back to the list