• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан 2017 жылы ЕҚЫҰ Экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы болып тағайындалды 13.01.2017

ҚР СІМ хабарлағандай, С. Курц өз сөзінде үш негізгі қауіпті атап өтті – ЕҚЫҰ кеңістігіндегі әскери әрекеттер мен ұзаққа созылған даулар, радикалдандыру және зорлық-зомбылық экстремизмі, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің арасындағы сенім дағдарысы.

С. Курц австриялық төрағалық Украинаның айналасындағы және ішкі дағдарысты шешу және ЕҚЫҰ кеңістігінде сенімді қалпына келтіру бойынша алдыңғы төрағалықтардың күш салуын жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

ЕҚЫҰ қызметінің әскери-саяси өлшемі аясында келесі бағыттар айқындалды: Еуропадағы күнделікті қарулануды бақылау режимін нығайту бойынша құрылымдалған диалог, халықаралық терроризммен және жастарды радикалдандырумен күрес, ұзаққа созылған дауларды реттеу.

Экономикалық-экологиялық өлшемге қатысты басым мәселелер ретінде экономиканы көгалдандыру және қауіпсіздікті ілгерілету үшін әріптестік құру мәселелері айқындалды. Осы екі тақырып аясында экологиялық тәуекелдерді қысқарту, ресурс тиімділігі және энергия қауіпсіздігін ілгерілету үшін баламалы энергетика, бизнес-әріптестік құру және экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылады.

Қойылған міндеттерді орындау үшін австриялық төрағалық ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі елші Қайрат Сарыбайды 2017 жылы ЕҚЫҰ Экономикалық-экологиялық комитетінің басшысы етіп тағайындады. Бұл Ұйым аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық өзара байланыс, әр түрлі интеграциялық бірлестіктер арасында ынтымақтастықты дамыту, жасыл экономика және экология, көлік қауіпсіздігі және транзит мәселелері бойынша идеяларын белсенді түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді.


Back to the list