• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандықтар 10 жылға дейінгі мерзіммен АҚШ-қа визалар алатын болады 28.12.2016

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстан мен АҚШ-тың сыртқы саяси ведомстволары визаларды өзара берудің жаңа тәртібі туралы келісушіліктерге қол жеткізді. 

«Бұл өзгерістер Қазақстан азаматтарын АҚШ-қа жеке сапарлары кезінде кіру визаларын ресімдеу үшін американдық консулдықтарға жыл сайын бару қажеттігінен босатады. Визалар 10 жылға дейінгі мерзіммен берілетін болады, осы ретте азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімін ішкі заңнамаға сәйкес көші-қон қызметтері анықтайтын болады», - деп атап өтілді ведомствода.

Визалардың қолданыс мерзімін ұзарту екі ел азаматтары үшін өзара сапар шарттарын барынша оңайлатуға ықпал етеді және сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа салаларда Қазақстан-Америка ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. 


Back to the list