28.12.2016
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, енді сіз Дүниежүзілік пошта одағына мүше-елдердің кез келген пошта бөлімшесінде қолма-қол ақшамен алу мүмкіндігі бар аударымды VISA / MasterCard төлем карталарынан лезде жібере аласыз.
Бүгінгі күні 9 елге ақша аударымын жіберуге болады: Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Литва, Өзбекстан, Украина, Молдова, Армения, Әзірбайжан.
ҚР бойынша аударым комиссиясы 1,5% (ең кемі 200 теңге) құрайды.Халықаралық аударым комиссиясы 3,8% (ең кемі 500 теңге) құрайды.