26.12.2016
Отырысқа, сондай-ақ, Ресейдің, Арменияның, Қырғызстанның және Тәжікстанның Президенттері қатысты.
«Біз әлемнің көптеген өңіріндегі қарым-қатынастардың қалыптасуы қаншалықты қиынға соғып отырғанын білеміз. Проблемаларға толы шиеленісті аймақтар саны азаяр емес», - деді іс-шараның ашылу рәсімінде Ресей көшбасшысы.
Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды талқылады.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев