• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Иран Каспийдегі теңіз сауда кеме қатынасы туралы  ынтымақтастық келісіміне қол қойды 26.12.2016

Бұл халықаралық келісім Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және екі ел арасындағы теңіз жүк тасымалын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Бүгінгі күні Иран Ақтау портынан келіп түсетін экспорттық жүктердің негізгі тұтынушыларының бірі болып табылады. Жыл сайын Иранның солтүстік порттарынан 2 млн.тоннаға жуық әр түрлі жүктер тасымалданады.

Қол қойылған үкіметаралық келісім қазақстандық және ирандық кеме қатынасы компаниялары арасындағы тең бәсекелестік жағдайларды құруға, кеме құжаттарын өзара мойындауды қамтамасыз етуге, порттардың қол жетімділігіне және порттық алымдарды төлеу кезінде тең жағдайда болуына мүмкіндік береді. 

 


Back to the list