• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Иран Президенті Қазақстанды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады 22.12.2016

«ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Сізді және Қазақстан халқын құттықтаймыз. Біз Каспий теңізі бойынша көрші әрі мұсылман елдері болып табылатын екі ел арасындағы достық және бауырлас қарым-қатынастардың жалғасын қолдаймыз», - деді Х. Рухани.

Иран көшбасшысы қалыптасқан тарихи қатынастарды атап өтті.

«Сіз, халықаралық аренадағы және өңірлік форматтарда иран халқына үнемі қолдау көрсетесіз. Осы сапар біздің қарым-қатынастарымызды дамытуға кедергі жасайтын тосқауылдарды жоюға ықпал етеді деп сенеміз», - деп қосты Х. Рухани.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list