15.12.2016
Кездесу барысында белгілі жапондық саясаткер тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының басшылығы мен халқына игі тілектерін тіледі, деп хабарлады ҚР СІМ.
Т. Никай биылғы жылдың қарашасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарының маңыздылығын атап өтті, оның қорытындылары бойынша Қазақстан-Жапония қатынастары кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің жаңа сапалы деңгейіне шығарылды.
ЛДП бас хатшысы Президент Н.Назарбаевтың Жапония Парламентінің қабырғасында тарихи сөз сөйлеуін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысының жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көрегендігін жоғары бағалады.
ЛДП бас хатшысы келесі жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбына «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге қызығушылық танытты.