• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өзбекстан Президенті қазақстандық халықтың   өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді 15.12.2016

Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.


Back to the list