• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Премьер-Министрі NASDAQ компаниясының вице-президентімен кездесу өткізді 14.12.2016

Кездесу барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында компаниямен өзара іс-қимыл және үздік әлемдік стандарттар деңгейінде АХҚО жоғары технологиялы биржа және есептік-клиринг инфрақұрылымын құру перспективалары талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты. 

Анықтама:NASDAQ –  бұл АҚШ-тағы екінші ірі қор биржасы (компания сайты - nasdaq.com), онда барлық ашық түрдегі акционерлік компаниялардың бағалы қағаздарының жартысы шығарылады. Ол сондай-ақ  осы биржада сауда жасайтын компаниялардың нарықтық капитализациясы бойынша (Нью-Йорк қор биржасынан кейінгі) әлемдегі екінші ірі биржа болып саналады, биржа әлемнің басқа биржаларымен салыстырғанда электрондық сауданың ең жоғарғы көлеміне ие.

 


Back to the list