13.12.2016
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлағандай, хаттамада ұйымдасқан қылмысқа, адам саудасына және киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша бірлескен жұмыс кездесулерін, семинарлар, конференциялар, тренингтер, біліктілікті арттыру курстарын өткізу, сондай-ақ ынтымақтастықтың осы бағыттары бойынша тәжірибе алмасу көзделген.
Кездесу барысында көрсетілген салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасылды.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Хаттаманың маңыздылығына тоқталып, онда белгіленген бағыттардың алдағы уақытта іске асырылатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Елші Дьерд Сабо ІІМ-нің қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық шеңберіндегі бірлескен жұмыстар үшін алғысын білдірді.
Кездесу өзара түсіністік және сындарлы диалог сипатында өтті.