• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б. Сағынтаев пен В.  Садовничий Қазақстан мен Ресейдің ғылым саласындағы серіктестігін талқылады 12.12.2016

Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ММУ Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер орталығының және «Астана» халықаралық ғылым кешенінің даму перспективалары талқыланды.

Анықтама үшін:«Астана» халықаралық ғылым кешені (ХҒК) 2015 жылы «Астана» сараптама орталығының базасында құрылған.

Бүгінгі күні ХҒК-да үш институт пен екі орталық жұмыс істейді: Астана экономика мектебі, Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институты, Саяси және тарихи зерттеулер институты, Тұрақты даму орталығы, Әлеуметтік зерттеулер орталығы.

Жоба қатысушылары: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Фудань университеті (Қытай), Колумбия университеті (АҚШ) және Кембридж университеті (Ұлыбритания)

Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы Астанада 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Ресей Федерациясының президенті В.Путиннің қолдауымен құрылған болатын.


Back to the list