• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Израиль мен Қазақстанның іскер топтары үшін бизнес  форум өтеді (ФОТО) 12.12.2016

Израиль мен посткеңестік елдер арасындағы дипломатиялық қатынастарының 25 жылдық мерзім ішінде, Биньямин Нетаньяху Орталық Азияға ресми сапармен келген бірінші премьер-министр.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында өткелі отырған израильдік көшбасшысының Астанаға сапары, елдің халықаралық аренада жетістіктері мен ыждаһаттарын әлемдік мойындау деңгейінің өсуін білдіреді. Бұл сапар екі жаққа да айтарлықтай нәтиже бергелі отыр.

«Медицина, технологиялар, ауылшаруашылық және су ресурстарын басқару салаларында жетекші позицияны ала отырып, Израиль «High-Tech» елі деген атаққа ие.  Әлемдегі мұнай бағасынның және дәстүрлі  энергетикалық ресурстарға сұранысының төмендеуі жағдайында, Израиль технологиялары, Нұрсұлтан Назарбаев таңдаған, өсу мен әртараптандыру бағытын іске асыруда  себебін тигізуі мүмкін»,- деді Израиль Елшісі.

Сапар шеңберінде Астанада ҚР Президенті мен Израиль Премьер-министрі және іскерлердің қатысуымен, бизнес форум өтеді. Форум жұмысында ауылшаруашылық, медицина, энергетика, қауіпсіздік жүйелері мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы қазақстандық және израильдік ірі компаниялар басшылары қатысады.

Израиль мен Қазақстан арасындағы экономикалық өзара әрекеттестік кейбір салаларда табыстарға жетіп отыр. «Израильде жасалған» сауда таңбасымен, тампшылап суғару жүйелері, жылыжайлар, құс фермалары, қауіпсіздік пен биллинг жүйелері Қазақстанда танымал және кең қолдануда.

Елдердің екіжақты қарым-қатынастарында әлі де болса Израиль мен Қазақстанның стратегиялық серіктестік деңгейіне жетуіне ықпал ететін зерттелмеген мүмкіндіктер көп.

 


Back to the list