09.12.2016
Палата құру туралы бастама жасаған ҚР Сингапурдағы елшілігі, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы.
«Елшілік Вusiness to Вusiness форматында іскерлік ынтымақтастықты кеңейту және жандандыру жөніндегі шаралардың бірі ретінде Сингапурдағы штаб-пәтері бар осы үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымды құру жұмысын басқарды», - деді елші Үсен Сүлеймен.
Практикалық тұрғыда КАПТИК қызметі шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, Қазақстанның, Еуразиялық экономикалық одақ пен Азия-Тынық мұхиттық өңірінің нарықтарында Палата мүшелерінің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін ілгерілетуге жәрдемдесуге, іскерлік климатты жақсарту, бар тарифтік және басқа шектеулерді алу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мен ілгерілетуге, сондай-ақ консультациялық қызметтердің ауқымды спектрін көрсетуге бағытталатын болады.
«Палатаның қаржыландырылуы мемлекеттің қандай да бір қатысуынсыз, қатысушылардың төлемдері мен жарналары есебінен нарықтық қағидаттарға ғана негізделеді», - делінген хабарламада.
Осы кезеңде Палатаның тең құрылтайшылары мен мүшелері Қазақстан, Сингапур, Малайзия, Австралия және Вьетнамның «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «АХҚО», «Атамекен» ҰКП, «EDIS» (Singapore), «STARIN Investments and Developments» (Австралия), ITL (Vietnam) қоса алғандағы ірі компаниялары болды.