09.12.2016
Бұдан бөлек, қазақстандық дипломатия басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің дәстүрлі кездесуіне қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри «С5+1» кездесуін аша отырып, әріптестерін тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, америкалық тараптың өңірмен ынтымақтастық жасауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Е. Ыдырысов Астананың Орталық Азиядағы кешенді өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға тырысатынын атап өтті және бұл Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс басымдықтарының бірі болатынын айтты.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, сауда, көлік, экономика және энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. «С5+1» аясында өзара іс-қимыл салаларын кеңейту перспективаларына қатысты өткен пікірталас барысында кездесуге қатысушылар су-энергетика кешені мәселелерінің толық өңір үшін ерекше өзектілігімен келісті. Америкалық тарап осы бағытта Орталық Азия елдеріне техникалық және сараптамалық көмек көрсетуге дайын екенін растады.