• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Ватикан конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында ынтымақтасуға ниетті 07.12.2016

Кездесу аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қатынастар және діни бірлестіктер қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

Министр Апостолдық нунциатураның бейбітсүйгіштік пен төзімділікті сақтауға қолдау көрсетуін, Қазақстан католиктерінің өрлеу мен гүлденуге, біртұтастық пен ауызбіршілікке ұмтылысын қолдаудағы рөлін атап өтті.

Кездесу барысында Н. Ермекбаев қазіргі уақытта Қазақстанда  Римдік-католиктік шіркеудің 84 діни бірлестігі қызмет атқарып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша мемлекетпен өзара конструктивті қарым-қатынас орнатқандығын айтты.

Өз кезегінде Нунций Ватикан мен Қазақстан арасында дінаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестікті дамыту, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға қажетті күш-жігерін салатындықтарына сендірді.


Back to the list