• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті 07.12.2016

Мемлекет басшысы барлық мәселелерді, соның ішінде экологиялық түйткілдерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Үкіметі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге қатысты барлық мәселені қарастыруға дайын» , – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«ExxonMobil», «Total E&P», «Royal Dutch Shell» және «Eni» компанияларының басшылары республикамызда қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздігіміздің мерейтойымен құттықтады.

Соңында Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырушыларға табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

 


Back to the list