• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Эфиопияға  гуманитарлық  көмек көрсетті 05.12.2016

«2016 жылдың 1 желтоқсанында Эфиопия еліне  табиғи апаттардың салдарын  жою үшін Үкіметтің шешімімен 50 000 доллар бағытталды», - делінген хабарламада.

«Қазақстан Үкіметі мен халқы эфиопия халқының қайғысына  ортақтасып, гуманитарлық көмек көрсетуді жөн көрді», - деді Қазақстанның  Эфиопиядағы елшісі  Ерлік Әли.

Е.Әли Эфиопия халқы мен Үкіметі барлық қиындықты артта қалдыратынына сенімдік танытты.

Эфиопияның табиғи апаттарды басқару  жөніндегі Ұлттық комиссия басшысы  М.Касса  ҚР Үкіметіне   көрсетілген көмек үшін алғыс білдіріп,  достас елге жақсылық тіледі. 


Back to the list