• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Нова-Горица қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылдды 05.12.2016

Өз сөзінде Қазақстанның Словениядағы елшісі Қайрат Сарыбай  бұл шараның екі ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  орай өткізіліп отырғанын  ерекше  оқиға екенін айтты.

Дипломат   туристік және  көліктік-логистикалық  инфрақұрылым, ауыл шаруашылық өндірісі   дамыған  Словения өңіріндегі   Құрметті  консулдықтың ашылуы  аталмыш облыстарда ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатындығына сенім білдірді.

СІМ  хабарлағандай, Торонтода   Ұлы Отан соғысында  фашизммен күресте  қайтыс болған  Қазақстанның батырлары  жерленген,  ал Повир  ауылында Қазақстанның  атаусыз  партизаны жерленген.

Өз кезегінде ҚР-ның Құрметті консулдығы Дмитрий Пицига жоғарғы сенім үшін алғыс білдіріп, екі ел мен  халықтар арасында достастық байланысты дамытуға   дайын екендігін   айтты.

Құрметті консулдықтың ашылу аясында Алматыда   Универсиада – 2017 және Астанада ЭКСПО-2017 мамандандырылған  көрмесінің таныстырылымы өтті.

Аталмыш шара аясында Австрияда білім алатын  қазақстандық жас талант Әсел Аяпбергенова  және Зарина Имаякованың «Қазақстан жауһары – Ұлы дала әуені» атты  концерті өтті.

Нова-Горица Словения теңіз жағалауының  жаңа экономикалық  орталығы  болып табылады. 


Back to the list