• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан және Өзбекстан қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуда 24.11.2016

Екіжақты кездесу барысында қазақстандық-өзбек әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.

ҚР Қорғаныс министрі қорғаныс пен қауіпсіздік, экстремистік, лаңкестік топтамалар қызметінің жаңа қауіп-қатерлеріне, жаңа түрлеріне жедел ден қою аясындағы екіжақты қарым-қатынастың әрі қарайғы өсу қажеттілігін атап өтті. 

Одан басқа, ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанның аумағында өтетін алдағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің «Алтын үкі»  халықаралық сайысы мен «АрМИ-2017» халықаралық армия ойындары тақырыбын айналып өткен жоқ.

«Мүмкіндікті пайдалана отырып және мемлекеттеріміздің арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мақсатында Сіздерді аталмыш іс-шараларға қатысуға шақырамын», - деді министр. 


Back to the list