• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕҚДБ сарапшылары Көкшетаудағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды зерттеуде 23.11.2016

Облыс әкімдігінде атап өткендей, кездесу 2016 жылғы 27 сәуірде Астана қаласында Еуропалық банк, Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының әкімдіктері және «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК арасында жасалған негізгі келісім шеңберінде өткізілді. Келісімде «Көкшетау қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасын 3,0 млрд теңге сомасына инвестициялау көзделеді.

Кездесуде сарапшылар тобының жетекшісі Николо де Лонго шетелдік инвесторлардың осы жобаға қызығушылық танытып, облыстық орталықтың сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды зерттей бастағанын атап өтті. Облыс әкімі барлық қажетті құжаттар мен материалдарды ұсынуда сарапшыларға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 


Back to the list