23.11.2016
Кездесу барысында Т. Оразаев Қазақстанның халықаралық бағдарламалары мен бастамалары туралы толық айтып берді, А. Амирянды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚР СІМ.
«Тараптар әңгіме барысында екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты талқылап, қарым-қатынастардың өзара түсіністік, сенім және тарихи әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрметтеу рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Мәдениет және өнер, тарих, мұражай және кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастық бойынша нақты қадамдар туралы пікір алмасу өтті», - делінген хабарламада.
Т. Оразаев екі елдің орталық кітапханалары ұйымдастырған Еревандағы қазақстандық кітаптар бұрышының ашылуы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, тараптар өзара негізде «Мәдениет күндерін» ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.
Кездесу соңында Қазақстанның елшісі мен министр қазақстан-армян мәдени ынтымақтастығын нығайту үшін тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы келісті.