22.11.2016
Комиссияның Қазақстан тарапынан теңтөрағасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі – Бақыт Сұлтанов, Израиль тарапынан Израиль Мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерсалим мен диаспора істері жөніндегі министрі Зеэв Элькин болып табылады.
Комиссия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және жандандыру мақсатында өткізіледі. Ауыл шаруашылығы, сауда, кәсіпкерлік пен инвестиция, денсаулық сақтау, азаматтық авиация саласындағы мәселелерді, сондай-ақ Израиль Мемлкетінің Премьер-Министрі Б.Нетаньяхудың Қазақстан Республикасына сапары барысында қол қойылатын екіжақты құжаттарды талқылау жоспарлануда.
Комиссияның жұмысына екі елдің мемлекеттік органдары мен ұлттық ұйымдарының өкілдері қатысады.