15.11.2016
«Біздің бүгінгі кездесуіміз біздің мемлекет басшыларымыздың қазақстандық-сербиялық қатынастарға қосымша серпін берген өзара сапарлары барысындағы келісулерінің іс жүзінде іске асырылуы болып табылады», - деді Н. Нығматулин.
Сондай-ақ Н. Нығматулин халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерінің шешімін іздеу үшін халықаралық парламенттік ұйымдар аясында күш үйлестіруге дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде, Сербияның Премьер-Министрі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы пікір айтты.
Н. Нығматулин Премьер-министр А. Вучичке кездесу үшін алғыс білдіріп, екі тараптың да ниеттерінің жүзеге асырылуына сенім білдірді.