15.11.2016
Шараға екі елдің 200-ден астам бизнес өкілдері қатысып жатыр.
Қазақстан-Сербия бизнес форумын Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» АҚ ұйымдастырды. Шараға екі елдің 200-ден астам бизнес өкілдері қатысып жатыр.
«Соңғы 8 жылда 5 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл үлкен көрсеткіш болмаса да, қазақстандық және сербтік компаниялардың әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Соңғы 8 жылда екі ел арасындағы сауда айналымы 200 млн долларды құрады. Қазақстан Сербияға шикізат, минерал ресурстарын экспорттады. Тауар айналымын арттыруға болады», - деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғұзаров.
Қазақстанда қазір 14 бірлескен кәсіпорын серб капиталының қатысуымен жұмыс істейді. Қазақстандағы нарықта сәтті көрсеткішке ие болған «Энергопроект-Высокоградня» компаниясы, ол Алматыдағы метроның бірқатар станциясын салған болатын.