14.11.2016
«Бүгін Астана Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық үстінде және Қазақстан мұндай мүмкіндікті кеңес үкіметінен кейінгі елдердің ішінен бірінші болып жеңіп алды. Осы жағдайды пайдалана отырып, клубтың барлық мүшелерін алдағы жазда астанаға, көрме күндеріне шақырамын. Ашылуы 8-10 маусымда күтілуде. Дәл осы уақытта Шанхай ұйымының отырысы өтеді және барлық мемлекет басшылары қатысады деп сенеміз», - деп хабарлады ҚР Президенті Астана клубының екінші отырысы барысында.
Еске сала кетейік, Астанада Астана клубының екінші отырысы өтуде, оған әлемнің 21 елінен 50-ден астам жетекші әлемдік сарапшы, саяси және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сондай-ақ жетекші қазақстандық сарапшылар қатысуда.