14.11.2016
Бүгінде венгерлік іскер орталықтар бірлескен логистикалық жобалар мен көлік дәліздерін ашуға және мұнай саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отыр. Сапар барысында Андраш Барани мырза Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласына барып, өлкенің тарихи-мәдени мұрасымен танысуды жоспарлап отыр.
«Бүгін біздер Маңғыстау облысы мен Венгрия аймақтары арасындағы байланысты орнату жайында сөз қозғадық. Алдағы уақытта Венгрияның кез келген бір облысымен бауырлас қатынастар бойынша меморандумға қол қоюымыз мүмкін. Біздің елде де мұнай өндіретін өңір бар, ол Маңғыстау үшін жақсы әріптес болар еді», - дейді ҚР-ғы Венгрияның Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани.