• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Ресей азаматтық қоғам саласында ынтымақтастықты дамытуда 11.11.2016

Кездесу кезінде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы баяндап берді.

Өз кезегінде Игорь Баринов министрді Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігінің қызметімен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлады Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

Тараптар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды агенттігі қызметтерінің өзара қызығушылық туғызатын бағыттары бойынша ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.

 


Back to the list