• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Минск National Digital History қазақстандық интернет-порталына қызығушылық білдірді (ФОТО) 10.11.2016

Белорус тарабы Қазақстанның медиа-ресурстарының ең ірі генераторларының бірімен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ниет білдіруде. Басқарма төрағасы Шыңғыс Шарапиевпен, Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Жемковпен кездесу барысында интернет-БАҚ құру, контент жасау және ақпарат алмасу, республикалардың бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастық жасау мәселелері талқыланды.

«Көптеген қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусьті азат етуге қатысып, қаза тапты, ал белорустар өткен ғасырдың ортасында Қазақстандағы тың игеруге белсенді түрде қатысты. Біздің халықтарымызды көп нәрсе байланыстырады», - деп атап өтті И. Луцкий.

«Петрусь Бровка атындағы белорус энциклопедиясы» басылымының директоры Владимир Андриевич сандық «Казахстаника» енгізудің қазақстандық тәжірибесіне қызығушылық танытқан.

«Сіздердің сипаты жағынан бірнеше әр түрлі порталды қалай біріктіре алғаныңызды білу біз үшін өте маңызды», - деп атап өтті В. Андриевич. Тараптар қарым-қатынасты одан да жоғары деңгейде одан әрі нығайту туралы келісті. 


Back to the list