• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Гаага тәртіп кодексін Оңтүстік Шығыс Азияда ілгерілетуде 10.11.2016

Іс-шараға Таиландтың мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпус, академиялық топтар және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан 2016-2017 жж. Гаага тәртіп кодексінің төрағасы ретінде қатысты.

Семинардың басты мақсаты Азия қоғамдастығының Гаага тәртіп кодексіне оны одан әрі әмбебаптандыру мақсатында назарын аудару болды.

Қазақстанның Таиландтағы Елшісі – БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі Марат Есенбаев сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация басшысы жалпы қырып-жою қаруын таратпаудың халықаралық механизмінің маңызды және ажырамас бөлігі ретіндегі Гаага тәртіп кодексінің маңыздылығын атап өтті. Семинарға қатысушылар Қазақстанның Гаага тәртіп кодексінің төрағасы лауазымындағы басымдылықтарымен, сондай-ақ мүшелік құрамын кеңейту және режимді әмбебаптандыру бойынша қолданып жатқан шаралармен танысты.

Онтүстік Шығыс Азия бойынша семинарлар топтамасы Мьянма үкіметі мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 11 қарашада Янгон қаласында (Мьянма Одағы Республикасы) жалғасады.

 


Back to the list