• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атом энергетикасы Қазақстан мен Сауд Арабиясының ынтымақтастығын кеңейтеді 09.11.2016

«Бүгін Сауд Арабиясы түбегейлі реформалар жолына түсті. Мұнай бағасының төмендеуі Корольдіктің экономикасына едәуір әсер етті. Елдің 2016 жылға арналған бюджеті алғаш рет 138 млрд долларды құрайтын тапшылықпен бекітілді. Мұнай дәуірінің біртіндеп аяқталуын түсіне отыра, Сауд Арабиясы елді мұнайға тәуелділіктен шығару туралы шешім қабылдады. 2016 жылдың басында «Saudi Vision 2030» стратегиялық бағдарламасы бекітілді. Стратегияның басты мақсаты мұнайдан түскен кірісті болашақтың перспективалы бағыттарына инвестициялау үшін пайдалану. Сауд Арабиясының экономикалық либералдану жолына, шетелдегі белсенді инвестициялық саясатқа көшуі Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейту ниетімен сәйкес келеді. Сондықтан екі елдің Көшбасшылары ынтымақтастықтың басым салаларын анықтады: мұнай химиясы, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, инвестициялар, сауда, банк саласы», - деді Б. Батыршаев.

Дипломаттың айтуы бойынша, сапар шеңберінде қол қойылған ҚР Үкіметі мен САК Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім араб елдерімен жасалған бірінші келісім болып табылады және Қазақстанның осы өңірдегі атом энергетикасы саласын дамытуға қатысуы үшін жол ашады.

«Сауд Арабиясы 2040 жылға дейін 16-ға жуық шағын ядролық реактор салуды жоспарлайды. Бұл біздің елдерімізге кадрлар даярлау, Ядролық отын халықаралық банкінің мүмкіндіктерін пайдалану, «ҚазАтомПром» компаниясының геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуі, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу саласында ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді. Біздің Президентіміз Сауд Арабиясының энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, құрылыс, банктер саласындағы ірі компанияларының басшылығымен кездесті», - деп атап өтті елші.

Сонымен бірге, Б. Батыршаев атом энергетикасы саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың дәл сандары туралы айтуға әлі ерте екенін, алайда, кірістер 2005 жыл мен 2016 жылғы бірінші жартыжылдық аралығындағы кезеңде 89,7 млн долларды құрайтын инвестициялардан асатынын айтты.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list