• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Будапештте Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылды (Фото) 10.11.2016

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі туралы кітаптар, сондай-ақ Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев сияқты әйгілі қазақ жазушылары мен Александр Гаркавец танымал түрколог ғалымның шығармалары қазақ, орыс, ағылшын және мажар тілінде мажар оқырмандарының назарына ұсынылды.

Іс-шара шеңберінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Мажар ұлттық «Сеченьи» кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазіргі таңда «Сеченьи» кітапханасы Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі кітапханаларының бірі болып саналып, оның қорында 10 миллионнан астам кітап сақталуда. Биыл кітапханаға 214 жыл толды.


Back to the list