09.11.2016
«Қазақстан мен Сауд Арабиясы ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасуға қызығушылық танытып отыр. Корольдік үшін азық-түлік қауіпсіздігі өте маңызды. Жыл сайын Сауд Арабиясы 3 млн тонна астық пен 6 млн тонна дәнді-дақыл импорттап, азық-түлік импортына 22 млрд доллар жұмсайды. Корольдік қазақстандық нарықтың жоғары сапасына қызығып отыр. Алайда, басты кедергі жоғары көліктік шығын мен қазақстандық астық тоннасының бағасы 270 долларға жетуі, өзге тасымалдаушылардың бағасы 180-190 долларды құрап отыр», - деді Б.Батыршаев.
Елшінің айтуынша, Қазақстан мен Сауд Арабиясының көшбасшылары көлік логистикасын оңтайландыру жолдарын қарастыруды тапсырды.
«Бұл үрдісте Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолы арқылы Бандар-Аббас ирандық портына шығу үлкен рөлге ие. Сауд Арабиясы Қазақстаннан ет экспорттаудың маңызды нарығына айналуы мүмкін. Қазіргі таңда ет өнімін тасымалдауға уақытша тыйым салынды, жақын арада ол алынады», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова