• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да Бахрейн капиталының қатысуымен ірі құс фабрикасы салынбақ 09.11.2016

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы 24-25 қазандағы Сауд Арабиясына ресми сапары аясында 61 млрд теңге сомасына келісімшарттарға қол қойылған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысында жылына 30 мың тонна балапан етін өндіретін ірі құс фабрикасы салынбақ. Жоба құны 94 млн доллар. Жобаның іске асырылуы тікелей кәсіпорында 800-ге жуық жұмыс орнымен және қызметтерді көрсететін мамандар үшін тағы 1000 орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Б. Батыршаев.

Сонымен бірге, құны 40 млн долларды құрайтын сирекжер металдарын өндіру жобасын іске асыру туралы келісімшарт, 50 млн долларға тау-кен өнеркәсібі саласында келісім жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы тау-кен жобаларына ауқымды ену үшін сауд компанияларының консорциумы құрылуда.

«Қазақстанда мұнай-химиялық кластерін дамытуға тарту мақсатында, сауд арабиялық «САБИК» мұнай-химия алыбымен күрделі сұхбат басталды. Сауд Арабиясының AQWA POWER, Saudi Electricity сияқты ірі энергетикалық компанияларымен жұмысқа баса назар аударылуда. Қазақстан-сауд инвестициялық қорын құру туралы келісушілікке қол жеткізілді», - деп ақпараттандырды Б. Батыршаев.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list