09.11.2016
«Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына жасайтын әрбір сапары – екі ел қарым-қатынасының жаңа биігі. Жақындағы сапар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен дипломатиялық қарым-қатынастың 22 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Келіссөздердің күн тәртібі кеңейтілген түрде өтіп, халықаралық және өңірлік қарым-қатынастың мәселелері мен халықаралық аренадағы екіжақты үйлестіру мәселделерін қамтып өтті», - деді Б.Батыршаев.
Дипломат айтып өткендей, Сауд Арабиясы ислам және араб әлемінің жаһандық ойыншысы болып саналады.
«Корольдік Біріккен Ұлттар Ұйымында жетекші рөлге ие, Ислам Ынтымақтастық ұйымы, Араб елдерінің лигасы, Парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесі, Мұнай экспорттаушылар ұйымы елдері, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта қру және даму банкі құрылтайшысы мен G-20 мүшесі болып табылады», - деді ол.
Елшінің айтуынша, Корольдік Қазақстанды Еуразиялық кеңістік пен Орталық Азиядағы үрдістердегі экономикалық және саяси негізгі қатысушысы және халықаралық аренадағы маңызды серіктесі ретінде қарастырады.
«Екі ел арасында тығыз достастық пен өзара сыйластық бар. Бұндай қарым-қатынас Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық беделі мен Королдікке артқан сенімінің нәтижесінде қалыптасты. Біздің көшбасшы «Ұлы Бадр Орденімен» марапатталған болатын», - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясында болды.
Ботагөз Айтжанова
Сурет: Азамат Әлиев