• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н. Назарбаев БАФ және АЭФ ұйымдастыру комитеттері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. 08.11.2016

Кездесу барысында Мемлекет басшысы саясаткерлер, бизнесмендер және ғылым қайраткерлері арасында жоғары деңгейдегі диалог үшін маңызды іс-шара болып саналатын Боао Азия форумына Қазақстанның белсене қатысып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Боао Азия форумының ұйымдастыру комитеті мен Астана экономикалық форумы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзінің Жапонияға сапары аясындағы кездесулердің жемісті болғанын жеткізді.

«Мен Премьер-Министр Абэмен келіссөз жүргізіп, Жапония парламентінде сөз сөйледім, сонымен бірге елдеріңіздің іскер топтар өкілдерімен кездестім», – деді Елбасы.

Я.Фукуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония парламентінде сөйлеген сөзі тыңдаушылар тарапынан өте жоғары бағаға ие болып, Премьер-Министрмен жүргізілген келіссөздерде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

«Бұл елдеріміздің арасында ынтымақтастық орнатуға лайық зор кеңістік бар екенін тағы да дәлелдей түседі», – деді Боао Азия форумы басқармасының төрағасы.


Back to the list