• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Айман Мұсақожаева  Мехико сахнасында өнер көрсетті 08.11.2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылған концерт ҚР Мексикадағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстандық жарқын скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның концертін тыңдауға Мехико Штатының басшылығының, жергілікті парламенттің және зиялы қауым өкілдері келді.

Мексикандық жұртшылық А.Мұсаходжаеваның орындауында әлемдік классиканың қазыналары – Иоганнес Брамстың «Скрипка үшін ре мажор концерті, 77 шығармасының» тыңдады. Сондай-ақ Мексика сахнасында алғаш рет қазақ классикалық өнерінің біртума туындылары – Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» және т.б. шығармалары орындалып, тыңдармандарға естен кетпес ляззат сыйлады.

Қазақстандық музыканттың шабыты, кәсібилігі, көп қырлылығымен сүйкімділігі тоқтаусыз шапалақпен және шаттық теңеулермен орындаушыға мәртебе көрсеткен және сахнадан көпке дейін жібермеген мексикандық тыңдаушыларды тәнті етті.

Айтып кету керек, Мехико Штатының тұрғындары қазақстандық өнермен алғашқы рет танысқан болатын. Олар сахнадан тыс орын алған сұхбаттарда болашақта Қазақстан мәдениеті және орындаушыларының өнерімен тжақынырақ танысуға тағы көптеген мүмкіндіктер болатындығына үміттерін білдірді.

«Қазақстандық өнерпаздардың шетелдегі концерттері еліміздің бай мәдениетін халықаралық алаңдардағы мәдениетінің мәртебесін көтеруге зор үлес қосып жатқандығына сенімдімін. Барша әлем біздің мемлекетіміз, Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде Елбасы басшылығымен  жеткен жетістіктеріміз туралы білу үшін елімізді насихаттау – біздің міндетіміз», - деді Айман Мұсаходжаева.

Өткен жексенбіде қазақстандық скрипкашының Икстапан де ла Саль (Мехико Штаты) қаласындағы концерті де үлкен сәттілікпен өтті.

 


Back to the list