07.11.2016
Жеке инвесторлардың компаниялардың капиталына қатысуы ҚР үшін әр тараптан тиімді болмақ.
Соның ішінде, компаниялардың жариялығы мен тиімділігі деңгейінің көтерілуіне, жаңалықтардың қолжетімді болуына, басқару технологияларының және компанияларды дамытуға қажетті капиталдың трансфертіне, Қор активтері құрылымын оңтайландыруға, шағын және орта бизнесті, жалпы қаржы институттарын да дамытуға септігін тигізеді.
Анықтама: ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ 2016-2020 жылдарға есептелген мемлекеттің жекешелендіру бағдарламасы аясында 200-ден астам активін сатуға шығарады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты –мемлекеттің экономикаға араласу үлесін азайту арқылы Қазақстан экономикасының тиімділігін көтеру. Бағдарламаға сәйкес, Қордың 7 ірі қоржындық компаниясы («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ) 2020 жылға дейін IPO-ға шығарылады, ал 172 орташа көлемді нысан электрондық аукцион арқылы сатылмақ.