• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Президенті 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияға  барады 05.11.2016

Қазақстан Президенті 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады.

Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, Премьер-Министр С.Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.


Back to the list