05.11.2016
Әңгіме барысында Джамаль Бидин Малайзия халал индустриясы, экономикалық өрлеудегі жетекші компоненттердің бірі екендігін атай келе, инвестиция үшін ең тартымды болып қала беретіндігін және елдің сыртқы сауда көлемін арттырып отырғандығын жеткізді. 2016 жылы халал өнімдердің экспортының көлемі шамамен 12,5млрд. АҚШ доллар болады, ал өнеркәсіп үлесі Малайзияда ЖІӨ-нің 7,5%-ына құрайды деп күтілуде. Экономиканың осы сегментін дамыту өткен жылы елдегі шамамен қосымша 100 000 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
2015 жылы, әлемде халал өнімдерді тұтынудың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,5%-ға өсті және шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құраған. Сонымен бірге фармацевтикалық және косметикалық, сондай-ақ жеке күтімге арналған халал стандартты өнімдерді тұтынудың әлемдік көрсеткіші де артқан. Аталмыш сектордың орташа жылдық өсімі алдағы жылдары 10,8%-ға жетеді деп болжануда, ал жалпы көлем 2019 жылдары
3,7 трлн АҚШ долларына жетеді.
ҚР-дың жоғарыда аталған индустрияның дамуына айтарлықтай әлеуеті бар екені атап етілді. Джамаль Бидин Қазақстан болашақта Орталық Азия аймағының «халалдың хабы» бола алатынын атап өтті. Оның пікірінше, экономиканың көптеген секторларын қамтитын тиісті мемлекеттік «экожүйені» қалыптастыру барысында жүйелі тәсілдерді қолдануы осы бағыттың табысын дамытуына негізі болып табылатын.
Кездесудің қорытындысы бойынша, Малайзиялық табысты тәжірибесімен таныстыру мақсатында, халал индустрияны дамыту Корпорациясының делегациясын Астанаға жіберу туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстанда осы бағытты дамыту Жол картасын жасап шығару барысында ҚР-дың мемлекеттік органдарына көмек көрсетуіне қол жеткізілді. Ол, әрине, мемлекеттік экономикасынын өсуіне қосымша драйвері әрі көзі болуы мүмкін.