• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев пен Т.Николич Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығы мәселелерін талқылады 04.11.2016

Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды.


Back to the list