• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Әлемнің 360 өнеркәсіптік компаниясы Алматыдағы көрмелерде өз өнімдерін ұсынды (ФОТО) 02.11.2016

Алматыда бірден алты халықаралық көрменің ашылуы өтті: тамақ өнеркәсібі бойынша - WorldFood Kazakhstan 2016, ауыл шаруашылығы бойынша - AgroWorld Kazakhstan 2016, қаптама бойынша - KazUpack Kazakhstan 2016, сондай-ақ «Барлығы қонақ үйлер, мейрамханалар, супермаркеттер үшін» - HOREX Kazakhstan 2016, «Суық қойма, тасымалдау және суық логистикаға арналған сервис» – ColdChain Kazakhstan 2016 және «тазалағыш және жуғыш заттар, химиялық тазалау және жуу жабдығы және жинау жабдығы» - CleanExpo Kazakhstan 2016.

«Алматы қаласының өнеркәсібі жалпы өңірлік өнімнің 6%-ын құрайды – бұл жылына 560 млрд теңгеге жуық. Бұл сан Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты ірі облыстардың өндіріс көлемімен бірдей», - деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Көрмеде жыл сайын тамақ өнімдерін жеткізуге келісімшарттар жасалатынын атап өту қажет. 3 қарашада «Ритейл-Центр» өз жұмысын бастайды, оның аясында Алматының бестен астам жетекші сауда желілері халықаралық компаниялармен әр түрлі тамақ өнімдерін жеткізу туралы келіссөздер жүргізеді.

2-4 қараша аралығындағы кезеңде алты ірі көрме өтетінін еске сала кетейік. 


Back to the list